Жастар жылы аясындағы талай жобаның жайына қалатын түрі бар
ПМ
Негізгі себептер – орталық пен жер-жердегі мемлекеттік органдардың келісілмеген әрекеттері, жекелеген министрліктердің қайта құрылуы мен тендерлерге қызығушылық болмауы.
Елімізде Жастар жылы аясында жол картасы қабылданған. Алайда бірден бірнеше жобаның жүзеге аспай қалу қауіпі бар, деп мәлімдеді Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Үкімет Жастар жылы аясында жол картасын қабылдады. Құжат 89 тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы жастар үшін өмірлік маңызды мәселелер: тұрғын үй, жұмыспен қамту, білім, жас отбасын қолдау және әлеуметтік белсенділікті дамыту сияқты шараларды көздейді, - деді Абаев.
Оның айтуынша, бүгінде 13 жоба толық аяқталды, қалған 76 шара әлі жүзеге асыру сатысында, мысалы, 2021 жылы аяқталуы жоспарланған 3 жылдық "Жас Кәсіпкер" жобасы.
- Сонымен қатар, бірнеше жобаның жүзеге асырылмай қалу қаупі бар. Оның басты себептері - орталық пен жер-жердегі мемлекеттік органдардың келісілмеген әрекеттері, жекелеген министрліктердің қайта құрылуы мен ұйымдардың жекелеген конкурстарға қызығушылық танытпауы. Мысалы, Мәдениет министрлігі жас жазушылар шығармашылығын қолдау үшін Әдебиет академиясын ашты. Алайда оның ережелері әлі әзірленуде. Жалпы, біз осындай тәуекелді жобалар бойынша шешімдер қарастырудамыз, - деді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript