ШҚО әкімінің орынбасары Бесқарағай ауданының басшысы болып тағайындалды
yk-news.kz
Ол 2017 жылдан бастап облыс әкімінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария салалары бойынша орынбасары болған
Шалқар Байбеков Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол 2017 жылдан бастап облыс әкімінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария салалары бойынша орынбасары болған, деп хабарлайды YK-news.kz.
"Шалқар Заманбекұлы - тәжірибелі менеджер. Мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Ол өзінің тәжірибесін Бесқарағай өңірін дамытуда, ондағы маңызды мәселелерді шешуде тиімді пайдаланатынына сенімдімін, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Шалқар Байбеков 1967 жылы бұрынғы Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономика мамандығы бойынша, содан кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript