Шымкентте екі басшы сыбайлас жемқорлық үшін айыпталуда

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 19:40 zakon.kz
Пара алған қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының "Музыкалық колледж" МКҚК директорынан 1 млн 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді.

Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға тест тапсыруына көмек көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған.

Аталған тұлғаларға қатысты процессуалдық ұстау кінәсін мойындаларына және келу туралы міндеттеме берулеріне байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: