Жаңалықтар тізбегі
0

Мәншүк Мәметованың мына ескерткіші Семей халқын дүр сілкінтті

yk-news.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 21:58 yk-news.kz
Жексенбі күні - 3 қарашада "ағаш Мәншүк" алаңнан алынып тасталды.

Семейде Жеңіс алаңына орнатылмақ болған Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінінің айналасында шу шықты, деп хабарлайды Zakon.kz yk-news.kz -ке сілтеме жасап.

Кеңес Одағының Батыры, пулеметші Мәншүк Мәметованың мүсіні ағаштан жасалғаны аздай, түрі де қорқынышты болып шыққан. Оны алғаш көрген жергілікті халық Жалмауыз кемпір немесе "мұртты қыз", тіпті бірі Ақшақар деп ойлаған. Артынан жақындай келіп қарағанда иығындағы мылтықты көріп, оның Мәншүк Мәметова екенін білген жұрт қатты ашуға мінген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 21:58

Мәметованың мүсінін Алтай қаласының (бұрынғы Зыряновск - авт.) қолөнершісі Иван Куртуков пен оның әйелі Юлия ағаштан жасаған. Шеберлер өз жұмыстарын осы жазда бастап, содан бері олардың ағаштан жасалған мүсіндері қаланың әртүрлі бөліктерінде пайда бола бастапты. Түрлі жануарлар, домбыра түріндегі шығарма, кітаптар және ағы басқасы.

Семей қаласының әкімдігіндегілер бірден ескерткішке еш қатыстары жоқтарын мәлімдеді, олар өздері бастамашы болмағандықтан әрі жергілікті бюджеттен ақша төлемегендіктен елге ұнамаған ағаш ескерткіштен құтылуды жөн көріпті. Жексенбі күні - 3 қарашада "ағаш Мәншүк" алаңнан алынып тасталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 21:58

- ... Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған жоспарларға байланысты алаң қайта жөндеуден өткізілетін болады, соған байланысты бұл туынды білім бөлімі белгілеген жерге ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп түсіндірді қалалық әкімшіліктер бұл жайтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: