Оңтүстік Кореяда кәрістер қазақтың тамағын жеп, "Зың-зыңға" билеп жүр
Дәмхананы корей жігітіне күйеуге тиген қазақстандық келіншек ашты, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Пак Ман Хо, Ёнсан қаласының тұрғыны:
– Бұл корей тағамдарына ұқсайды. Ешқандай айырмашылық жоқ сияқты. Қазақ тағамдарын бірінші рет жеп тұрмын, бірақ қазақстандықтарды білемін. Олар осында жұмыс істейді. Корея үшін бұл үлкен көмек.
Баходыр Усманов, аспазшы:
– Қазақша ет, самса, кәуапқа көп тапсырыс беріледі. Оларға бәрі ұнайды.
"Сәуле Қосақаева Ёнсанда жұмыс істейтін ТМД елдерінен келген достарының өтініші бойынша дәмхана ашқанын айтады. Ол өзі жергілікті зауыттарда жұмыс істеген, сондықтан шетелдіктерге корей тағамына үйрену қиын болатынын біледі. Сәуле оның күйеуі Чой Ён Джудың көмегінсіз дәмхана аша алмайтынын айтады. Олар екі жыл бұрын кездесіпті. Екеуінің де отбасылық өмір тәжірибесі болған. Қазір Ян Джудың бірінші некесінен ұлы Сәулені анасы ретінде санайды. Ал Ён Джу әйелінің балаларын Кореяға әкелгісі келеді", - дейді телеарна тілшісі.
Сәуле Қосақаева, дәмхана директоры:
– Қуырдақ, өзіміздің ет, бешпармақ дейді ғой. Нарын істейміз, сорпа, лағман. Етіміз халал. Халал сертификатымен аламын. Сондықтан сол етті жеу үшін көп мұсылман елдерінен келеді.
Чой Ён Джу, Сәуле Қосақаеваның жұбайы:
– Оңалхан, Мерей, Мейірім – тек Сәуленің балалары емес менің де балаларым. Қазір Кореяда құжаттар комиссияда қаралуда. Олар бір жыл күту керек деді. Рұқсат алғаннан кейін оларды бірден Кореяға әкелемін. Жаным ауырады. Мүмкін біздің жағдайымызды мемлекеттік орган өкілдері көріп, осы мәселені тезірек шешуге көмектесер деп ойлаймын.
Сәуле Кореяда тұратын мұсылман клиенттеріне нан, ет және сүт өнімдерін пошта арқылы да жібереді. Болашақта Кореяның басқа қалаларында да "Шырайлы Шымкент" дәмханасы ашылуы мүмкін.
Дәмханада билеуге де болады, мұнда жиі тапсырыс берілетін ән де Шымкент туралы.