Түркістан облысындағы полицияның фронт кеңселеріне 3 мыңға жуық азамат келген

ТО ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 13:26 ТО ПД Баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты фронт-офистерге 3000-ға жуық азамат келген.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ аумақтық полиция бөліністерінде бірыңғай үлгі бойынша азаматтарды қабылдау үшін Түркістан облысы Полиция департаментінде халықтық-кеңселер ашылып, азаматтарды қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетер болсақ, ТО ПД-нің жанынан ашылған "фронт-офиске" осы уақытқа дейін 1200-ге жуық азамат өз өтініштерімен келген. Оның ішінде, өтініші жауапсыз қалмай, шешімін тауып, ТО ПД-нің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы полицейлердің қызметіне риза болып, алғыс білдіргендер де болды. Халықтық кеңсеге келушілердің жартысына жуығы әкімшілік және жергілікті полиция қызметіне, 300-ге тарта азамат тергеу саласына, 500-і кадр және басқа да қызметтер бойынша жүгінген.

Сонымен қатар, ҚАПБ (Б)-на қарасты ашылған 14 фронт-офиске жалпы саны 1800-ге жуық тұрғындар келген. Оған қоса "Фронт-офисте" айына бір рет ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің "Қош келдіңіз!" акциясы өткізіліп, алдын ала жазылған тұрғындарға жеке қабылдауды ұйымдастырып отырады. Сондықтан Полиция құрылымдары жанынан құрылған фронт-офистерге келіп, түйткілді мәселеңізді шешуге мүмкіндігіңіз бар!

Фронт-офистерде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған, бөлмелері заманауи техника, жиһаздармен жабдықталған, ыңғайлы күту аймағы, ақпараттық стендтер, теледидар және ғаламтор, салқындатқыш қосылған, жалпы алғанда барлық қажеттіліктер қарастырылған. Кең ғимаратта азаматтар әкімшілік практика желісі, лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, қылмыстық істерді тергеу, көші-қон және кадр саясаты басқармасы қатысты құқықтық кеңес ала алады. Аудан тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын мұнда жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, тергеу, анықтау және кадр саясаты басқармасының мамандары қабылдайтын болады.

Шын мәнінде мұндай фронт-офистердің ерекшелігі кез-келген адам үшін полицияны қолжетімді ету. Полицияға қатысты өзіңіздің сұрағыңыз немесе ұсыныс-пікірлеріңізді болса, аталған халықтық-кеңселерге келіп, құқықтық кеңес, көмек алыңыздар.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: