Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 20:21 ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Есқали Саламатов 1971 жылы туылған, құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатовты Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамына таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әділет полковнигі Саламатов Есқали Амангелдіұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Есқали Саламатов 1971 жылы туылған, құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Басшылық қызметте тәжірибесі бар.

Әр жылдары ол ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару жүйесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесінің бөлімінде жұмыс істеді.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитет төрағасы орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің басшылығында қызмет атқарды.

ҚР ІІМ басшысы пенитенциарлық жүйені жетілдіру ішкі істер органдарын жаңғыртудың Жол картасында қамтылған бағыттардың бірі болып табылатынын баса атап өтті.

- Бұл салада өткеннен қалған ескі колониялар, сотталғандарды ұстау жағдайы, босатылғаннан кейін қайта тұрақтандыру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау фактілері, сыбайлас жемқорлық сынды тағы басқа мәселелер мәлім. Комитет басшылығының алдында қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатып, халықтың сенімін арттыратын күрделі әрі шешуші міндеттер тұр, - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: