Жаңалықтар тізбегі
0

Плагиат дауына іліккен вице-министр Фатима Жақыпова қызметінен босатылатын болды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 15:57 facebook.com
Алдында сенатор Еділ Мамытбеков вице-министрдің плагиаты жайлы мәселеге қатысты Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған.

ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан ҚР Білім вице-министрі Фатима Жақыпованың қызметінен босату үшін нақты шаралар келісіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, 7 қараша күні Сенатта сенатор Еділ Мамытбеков Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын. Ол плагиаты екі бет дәлелденген Жақыпованың мекемесі бүгіндері үн-түнсіз отыруы барып тұрған бассыздық деп айтқан.

Бұған дейін министрлік қызметкері Жақыпованың диссертациясы плагиаттық тексеруден өтпейді, оған ғылыми дәреже заңсыз берілген деп айыптаған.

Плагиатқа қарсы ресейлік компания ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациясы маңындағы дауға араласып, өз зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Нәтижесінде диссертация мәтінінің кем дегенде 52 проценті, яғни Ресей мемлекеттік кітапханасындағы мақалалар мен диссертациялар жиынтығынан алынған көшірме екенін растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: