"Астана-Көкше" ЖШС директоры бюджеттен "ақша жеген" сияқты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 17:15 zakon.kz
Театр ғимаратын қалпына келтіруге 32 млн теңге бөлінген. Бәрі содан басталған.

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша "Астана-Көкше" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: