Нұр-Сұлтан мен Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды
pxhere.com
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
2019 жылғы қарашаның 8-9 күндері Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85 %.
Сондай-ақ, 9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында 9 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript