Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ирандық әріптесіне елімізге ыңғайлы уақытта келуін күтетінін жеткізді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 00:59 Ақорда
Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Президент Хасан Руханимен табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстан Президенті ирандық әріптесінің Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтетінін жеткізді.

Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі "Astana Club" жұмысынан алған әсерімен бөлісе отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық отырысындағы баяндамасын және жиынның сындарлы атмосферасын жоғары бағалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: