Дауылды ескерту: Қазақстанға аяз келе жатыр

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 18:31 pxhere.com
2019 жылғы 14-16 қарашаға арналған болжам.

Күндіз 13 қарашада, тәулік бойы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен.

Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: