Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағай қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

zhetysu.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 18:43 zhetysu.gov.kz
Мердігер компаниялар құрылысты жүргізіп жатыр, бірақ жоспарда көрсетілген пайдалану мерзіміне үлгермеуі әбден мүмкін - Батталов.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бюджеттен бөлінген қаражатты толықтай игеру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Ол осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша талқылау болған жиында қол астындағыларға бюджеттен бөлінген ақшаны игере алмағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық экономика және жоспарлау басқармасының бастығы Әмірханов, тұтастай алғанда, аймақта экономиканың барлық бағыты бойынша өсім байқалатынын айтты. Амандық Баталов атап өткендей, игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі құрылыс саласында тиесілі.

Мәселен, тек Қапшағай қаласында осы кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген 741 миллион теңгенің 517 миллионы әлі игерілмеген. Бұл ақшаның басым бөлігі көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына арналған. Мердігер компаниялар құрылысты жүргізіп жатыр, бірақ жоспарда көрсетілген пайдалану мерзіміне үлгермеуі әбден мүмкін.

- Мемлекет халықты көптен күткен баспанамен қамтамасыз ету үшін қажетті қаражатты бөліп отыр. Ал Сіздер мерзімге үлгермей, қаражатты дұрыс игермейсіздер. Бұл арада тікелей кінә - Қапшағай қаласының әкімі, облыстық құрылыс басқармасының бастығы және менің құрылыс саласы бойынша бірінші орынбасарымда жатыр. Олардың барлығына қатаң сөгіс жариялаймын. Құрылыс жұмыстарын мерзімге сай орындалмағандары үшін, сонымен қатар, үйлерді салуға жауапты мердігерлерді жазалау қажет. Бұл жағдайда жылдың аяғына дейін түзетіп, олардың құрылыс жұмысы барысын бақылауға алу керек, - деп атап өтті Баталов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: