"ҚазАгро" холдингі топ-менеджерінің ұсталу кезіндегі видеосы жарияланды
"ҚазАгро" холдингінің басқарушы директорын ұстау кезіндегі видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.
- Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдағаны – Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік – элеваторды сату-сатып алу келісім-шартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы "Интер-Агро" және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларының 20 миллион теңгені иемденіп кеткен.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.