Дариға Назарбаева Арменияға барды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 17:54 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Кездесуде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Армения Ұлттық Жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, АР Премьер-министрі Николь Пашинянмен және ел Президенті Армен Саркисянмен кездесуі тиіс.

Кездесуде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылау жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: