Н.Нығматулин Ханойдағы Абай орталығында болды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 17:38 Ж.Құспанов
Аталған университет биыл құрылғанына 60 жыл толатын көне оқу орындарының бірі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетінде Абай орталығына барды, сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығы 2013 жылы ашылған. Бүгінде аталған орталықта ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына қызу дайындық жүріп жатыр.

Нұрлан Нығматулин, екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына айрықша назар аудара келіп, данышпан Абайдың мерейтойына дайындық шараларына тоқталды. Сондай-ақ, орталыққа арнайы әкелген кітаптарды сыйға тартты.

Аталған университет биыл құрылғанына 60 жыл толатын көне оқу орындарының бірі. Кездесуге жиналған ұстаздар мен студенттер алдында Нұрлан Нығматулин тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу, даму кезеңдері бойынша жетістіктерге тоқтала келіп, Вьетнам елінің экономикалық табыстарына да көңіл бөлді. Әсіресе, кездесу барысында қос мемлекет арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдету әңгіме өзегіне айналды.

Студенттермен жүздесу кезінде сапалы білім тақырыбына сөз арнаған Мәжіліс Төрағасы қазіргі "білім экономикасы" дәуірінде оның маңыздылығы арта түскенін атап айтты.

Нұрлан Нығматулин қазақстандық-вьетнамдық ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін алға тарта келіп, көлік-логистика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, туризм салаларынының басымдықтарын атап өтті. Осы ретте Палата Спикері білім бағытында, кәсіпкерлік құрылымдары арасында тығыз байланыс орнатудың маңыздылығына көңіл бөлді.

Өз кезегінде студенттер Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісімнің Қазақстан мен Вьетнам үшін тиімді бағыттары, елдеріміз парламенттерінің ерекшеліктері туралы қызығушылық танытты. Сонымен қатар, болашақта сұранысқа ие мамандықтар, депутаттар жұмысында әлеуметтік желілердің маңыздылығы жөнінде Мәжіліс Төрағасының пікіріне назар аударды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: