Жаңалықтар тізбегі
0

Сапарбаев медициналық нысан мен "Тектұрмас" этно-тарихи кешенінің жай-күйімен танысты

пресс-служба пресс-служба
Қазіргі таңда жалпы аумағы 20 гектардан асатын кешенде биіктігі 22 метрді құрайтын Әулиета ескерткішінің тұғыртасы қалануда.

Жамбыл облысында медициналық нысандар тапшылығы бар-жоғы екі жылда шешімін тапты. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Үкімет басшының орынбасары Бердібек Сапарбаевқа баяндалды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округіндегі жаңадан пайдалануға берілген алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысанына ат басын бұрды. Онда осы бағытта атқарылып жатқан жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов баяндады. Ол былтыр жүргізілген зерделеу шараларының нәтижесінде өңірде осындай 95 нысанның қажет екені анықталғанын жеткізді. Бұл мәселе облыс әкімінің тапсырмасына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл толығымен шешімін таппақ екен.

"Өткен жылы 30 алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысаны салынса, биыл 65 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Айта кетейік, 95 нысанның алғашқы құны оңтайландыру арқылы 2-3 есе арзандатылды. Бұрындары әр жыл сайын осындай 10 нысан ғана салынып келсе, оңтайландыру нәтижесінде бұл мәселе небәрі 2 жылда шешілгелі отыр",-деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, вице-премьерге бұл бағытта мердігерлер жауакершілігі күшейтіліп, кепілдік мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайғаны, айыппұл мөлшері 4 есе көбейгені айтылды.

Сонымен қатар, вице - премьер Бердібек Сапарбаев облысымызға жұмыс сапары барысында "Тектұрмас" этно-тарихи кешенінің жай-күйімен танысты.

Қазіргі таңда жалпы аумағы 20 гектардан асатын кешенде биіктігі 22 метрді құрайтын Әулиета ескерткішінің тұғыртасы қалануда. Бұл өңірдегі ең биік, ескерткіш болмақ. Бүгінде құрылыс басында 100-ге жуық жұмысшы, 10-нан астам техника жұмыс істеп жатыр. Жалпы, ескерткіш орналасатын тұғыртастың биіктігі - 8 метр, биіктігі - 14 метрді құрайды. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегіндегі кіре берісінде арка, арнайы тамашалау алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақ болады. Жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның мүсіні, баспалдақ бойымен Қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясына дейінгі қалалар бейнеленетін инсталяция орнатылмақ. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтуынша, ескерткіш "Тектұрмас" жобасының бірінші кезеңі бойынша бой көтеруде. Жобаның екінші кезеңінде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы ескерткіштің айналасына Тараздың терең тарихынан сыр шертетін басқа да басқа да жобалар жоспарланғанын жеткізді. Бұл жобаларды әрі қарай жетілдіріп, туристерге тартымдылығын арттыру үшін

Б.Сапарбаев оның құрылыс жұмыстарына қолдау көрсету туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: