Дариға Назарбаева Никол Пашинянмен кездесті
Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Арменияға ресми сапар аясында Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды.
Дариға Назарбаева өзара сауда көлемін ұлғайту, тауар айналымы мен алуандығы құрылымын кеңейту қажеттігін атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения арасындағы сыртқы сауда айналымы 33,9 пайызға артқан болатын.
"Бұл келешекте тауар айналымының ұлғаятынын көрсетеді, болашақта өзара сауда көлемін арттыруға маңызды үлес қосады. Қазақстан өнімдерін экспорттауда Армения нарығы зор ықылас туғызады. Біз машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары және химиялық өнімдер сияқты салаларда экспорт көлемін ұлғайтуға дайынбыз", - деді ол.
Николай Пашинян өз кезегінде Арменияның Қазақстанмен экономикалық байланыстары туралы айта келіп, оларды дамытудың зор әлеуеті мен пайда түсетін түрлі сипатта іске асуы ықтималдығын атап өтті.