Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "5-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ

kn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2019 16:36 kn.kz
Қазақстанда "бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізудің" бірінші міндеті бойынша тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы енгізілуде. Мұны халықтың табысына қарай анықтайды.

"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, оның ішінде бес түрлі міндет бар: тұрғын үй саясатын жүзеге асырудан бастап азаматтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге дейін, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі үкімет отырысында, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламада біртұтас тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, халықты сапалы ауыз сумен және кәріз қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және жаңарту, сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметін жетілдіру бойынша бес мақсат қарастырылған, - деді Атамқұлов.

Оның айтуынша, "бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізудің" бірінші міндеті бойынша тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы енгізілуде. Мұны халықтың табысына қарай анықтайды.

- Отбасы мүшелерінің біреуінің ең төменгі күнкөріс деңгейінде кірісі бар кезекке тұрушы жалдамалы баспанамен қамтамасыз етіледі. "Бақытты отбасы" бағдарламасы ең төменгі күнкөрістің екі көлеміндей кірісі бар кезекте тұрған адамдарға қолжетімді болады. Ең төменгі күнкөрістің 3,1-ге дейінгі деңгейінде кірісі бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктен несие алуға өтініш бере алады. Ең төменгі күнкөрістің 3,1-ге дейінгі деңгейінен кірісі асатын азаматтар үшін "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді. Табысы ең төменгі күнкөрістің бесеуін қамтитын адамдар баспананы қолданыстағы нарықтық өнімдердің бастапқы сомасын төлеп және екінші деңгейлі тұрғын үй нарығынан сатып алуына болады, - деді министр.

Ол тұрғын үй ақпараттының ашықтығын және есепке алудың бірыңғай жүйесінің бәріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай республикалық кезекке тұрушылар тізімі жасалып жатқанын айтты.

"Бұл базадағы мәліметтер кезекте тұрған адамдар үшін тұрғын үйге қол жетімділікті анықтау үшін пайдаланылып, ол мемлекеттік қолдауды және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді", - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: