Елорда автобустарында жолақы құны уақытша екі есеге төмендеді

mos.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2019 20:56 mos.ru
Жолақыны төлеу үшін телефонда кем дегенде 91 теңге болуы тиіс.

Елорда автобустарында бір ай бойы 45 теңгемен жүруге болады, деп хабарлады Zakon.kz "Astana LRT" компаниясына сілтеме жасап.

"Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады", – делінген хабарламада.

Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр. Атап айтқанда, төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс.

"45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүре аласыз. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған", - деп хабарлады "Astana LRT".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: