Жаңалықтар тізбегі
0

Думан Қожахметов "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен босады

Қазконтент АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2019 21:30 Қазконтент АҚ
Ол Нью-Йоркке қызмет бабымен көшіп жатыр.

Думан Қожахметов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына қызмет бабымен көшуіне байланысты "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz компания сайтына сілтеме жасай отырып.

Думан Қожахметов "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалға дейін Black & White медиакомпаниясының бас директоры, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды, жеке және мемлекеттік компанияларды жұмыс істеген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "БАҚ-тағы экономика мен менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндік ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың атынан Думан Қожахметовке жасаған жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, компания қызметіндегі елеулі жетістіктер, атап айтқанда материалдық-техникалық базаны жаңарту, мультимедиалық студияны құру, жаңа медиаформаттарды енгізу, компанияның сайттары мен жобаларының жұмысын жүйелеу, корпоративтік басқаруды дамыту жұмыстары туралы атап өтті.

"Қазконтент" АҚ - ақпараттық, сарапматалық және салалық интернет жобаларды басқару жөніндегі мемлекеттік медиахолдингі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: