Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжит Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 18:28 ПМ
Ол 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

Директорлар кеңесінің шешімімен Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі сайтының мәліметінше, Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992-1999 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы.

2000-2008 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы.

2008-2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

2013-2014 жылдары — ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

2015-2020 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: