Жаңалықтар тізбегі
0

Келесі жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркинге кіргізбейді

dom.ria.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2019 21:47 dom.ria.com
Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық - ТЖК.

2020 жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркингке қояға рұқсат берілмейді. Жыл соңына дейін осындай заң жобасы қабылданбақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр. Жүргізушілердің көбі арзан бағасына қызығып, дәстүрлі отыннан газға көше бастаған. Сапасыз баллон орнатып алғанда, қауіп туралы ойламайды дейді. Жалпы күн суытқалы бері автокөліктердің отқа орануы жиілеген. Тек өткен аптада ғана автокөліктердің өртенуінің 68 жағдайы тіркелді.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

– Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық. Себебі газ бензинге қарағанда қауіпті. Әсіресе, көлік жер асты тұрағында тұрса, қауіп ұлғая түседі. Жарылыс болған жағдайда салдары өте ауыр болады. Үлкен ғимарат қирауы мүмкін. Газ жабдығы бар автомобильдердің жер асты паркингтеріне кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап жатырмыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: