Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

bsmp-uko.kz bsmp-uko.kz
Донорлар ретінде Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары тартылған.

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ІІМ Тергеу департаменті Шымкент қаласының "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігінде (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабының 3-бөлігінде (адам органдарын заңсыз алып қою) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айып тағылуда.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ әрекет еткендігі анықталды.

Ауыр материалдық жағдайларына байланысты өз бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары донорлар ретінде тартылған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қалталы азаматтары болған.

Тергеу барысында анықталғандай, аз. А.А. Донбай қылмыстық топ мүшелерімен алдын ала сөз байласып, адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізген.

Бұған дейін дәрігер-трансплантолог Құттымұратов және қылмыстық топ мүшелерінің бірі – Қырғызстан азаматы Б.Т. Тайсалова ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа жолданып, қылмыстық істі аяқтау шаралары қабылдануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: