Жаңалықтар тізбегі
0

Тегін адвокаттар телефонын көтермейді – сенатор Сәуле Айтпаева 

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 14:26 Ж.Құспанов
Тергеушілердің жұмысына шағым айтпайтын "ыңғайлы" қорғаушылар шақырылған жағдайлар болған.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде болған дөңгелек үстел барысында адвокаттардың қызметі мен заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Владимир Волковтың айтуынша, бүгінде адвокаттардың жұмысын реттейтін шаралар болмай отыр. Депутаттар уәкілетті орган тарапынан мемлекеттің заң көмегін ұсынуы бойынша бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау жоқ екенін атап өтті. Мысалы, қызметті тұтынушылар өз адвокатын бетпе-бет көрмеген жағдайлар орын алған. Немесе тергеушілердің жұмысына шағым айтпайтын "ыңғайлы" қорғаушылар шақырылған жағдайлар болған.

Әділет министрінің орынбасары Ақерке Ахметованың айтуынша, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Бұл қорғаушыларға адвокат қателігі болған жағдайда залалды өтеу үшін сақтандыру компанияларына жүгінуге мүмкіндік береді. Осылайша, міндетті сақтандыру адвокаттың да, қорғалушының да қорғалуын қамтамасыз етеді.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Қадыржан Баймұханова нарық жас мамандарды қажет ететінін атап өтті. Өйткені бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер мен ІІМ қызметкерлері белгілі бір тестілеуден өтпей адвокаттарға қатарына қосылуда. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындары және өңірлік алқа орталықтарымен мамандарының біліктілігін арттыру бойынша келісімдер жасалуда.

Депутат Сәуле Айтпаева өз сөзінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысатын адвокаттарға хабарласа алмағанын айтты. "Egov.kz сайтындағы заңгерлер тізімі 2015 жылдан бастап жаңартылмаған. Халыққа тегін кеңес беру керек, егер олардың телефондары жұмыс істемесе, оны қалай алады? Мен тек тексердім", - деді сенатор.

Владимир Волков кездесуді қорытындылай келіп, адвокаттық және заң көмегін жетілдіру бойынша әзірленген ұсынымдар оларды іске асыру үшін тиісті жауапты органдарға жіберілетінін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: