Жаңалықтар тізбегі
0

Astana Hub-та Корей-Қазақстандық IT-орталығы ашылады

Astana Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 16:57 Astana Hub
АТЫО-ның негізгі мақсаты екі елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып, АКТ саласында тәжірибе алмасу жолымен Оңтүстік Корея мен Қазақстанда ақпараттық қоғам құруға жәрдемдесу болып табылады.

2019 жылғы 21 қарашада Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында "Зерде" Холдингі" АҚ және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық орталығын құру және жұмыс істеу үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 16:57

Тараптардың кездесуі NIA кеңсесінде өтті, онда "Зерде" Холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Дурмағамбетов пен NIA президенті Йонг-Сик Мун келісімге қол қойып, Орталықтың тұжырымдамасын талқылады.

Меморандумға сәйкес ақпараттық технологиялар саласындағы Корей-қазақстандық ынтымақтастық орталығы (бұдан әрі - АТЫО) "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі базасында жұмыс істейтін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 16:57

АТЫО-ның негізгі мақсаты екі елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып, АКТ саласында тәжірибе алмасу жолымен Оңтүстік Корея мен Қазақстанда ақпараттық қоғам құруға жәрдемдесу болып табылады.

Орталық екі елдің IT-мамандары үшін тәжірибе және білім алмасу, бірлескен жобаларды дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект, үлкен деректер, ашық деректер, Интернет заттары, смарт сити, 5G және т. б. қоса алғанда, жаңа технологиялар бойынша зерттеулер жүргізу алаңына айналады. Бұдан басқа, Орталықты құру әрекеті АКТ, технологиялар алмасу және өзара инвестициялар саласындағы саясатты жандандыру жолымен мемлекеттік органдар, АТ-компаниялар, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ғылыми топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 16:57

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан астанасында сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігінің Вице-президенті қатысуымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-корей семинары өтті. Іс-шара барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, соның ішінде болашақ АТЫО-н құруды талқылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: