Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша қандай мәселелер талқыланатынын жария етті

Getty images, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 23:52 Getty images
Осы кездесу кезінде кепілгер елдер мен БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталған адамдар жөніндегі жұмыс тобының 10-отырысын өткізу жоспарланған.

Сириядағы тұтқындарды босату және саяси процесті ілгерілету бойынша келіссөздер 10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында талқыланады деп жоспарланған, деп хабарлайды РИА Новости ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сирия бойынша келесі кездесу 10 -11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп мәлімдеген еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оған Иран, Ресей және Түркия сынды кепілгер елдердің, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациялары қатысады деп жоспарланған. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары лауазымды өкілдері оған байқаушы ретінде қатысады.

- Күн тәртібіне мынандай мәселелер қаралады: Заевфрат пен Идлибке баса назар аудара отырып, Сириядағы жағдай; тұтқындарды босатуды және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу сынды сенім шаралары; босқындар мен ел ішінде босып жүрген адамдарды қайтару тұрғысындағы Сирияның кешенді гуманитарлық іс-қимылында белсенділік таныту, оның ішінде осы тақырыпта халықаралық конференциялардың өткізу туралы бастамаларды талқылау; Конституциялық комитеттің іске қосылуына байланысты саяси процесті ілгерілету жайы, деп хабарлады ҚР СІМ.

Сонымен қатар осы кездесу кезінде кепілгер елдер мен БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталған адамдар жөніндегі жұмыс тобының 10-отырысын өткізу жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: