Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Әлеуметтік азық-түлік бағалары бақылауда

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 03:23 Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" №256 қаулысы бекітілген болатын

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуін алдын алу мақсатында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйытқы болуымен арнайы жиын болып өтті.

Кездесуге бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, облыстық статистика департаменті мен ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық тұрақтандыру қоры басшылары, сондай-ақ Түркістан қаласындағы ірі сауда маркеттері мен көтерме сауда базарларының басшылары қатысты. Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг барысы мен баға өсімін алдын алуға қарсы бағытталған шараларды іске асыру жұмыстары талқыланды.

Облыс әкімдігімен қабылданған Қағида талаптары мен кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлардың тиімді жақтары жан-жақты түсіндірілді. Облыс тұрғындары үшін маңыздысы, сауда орындары басшыларымен өзара түсіністік жағдайында бірлескен шараларды атқару жөнінде нақты шешім қабылданды. Демек, алдағы уақытта барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы толық облыстық әкімдіктің бақылауында болады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" №256 қаулысы бекітілген болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 03:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 03:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 03:23, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 03:23

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: