Жаңалықтар тізбегі
0

Инвестицияның жаңа үлгісі: тиімді тәсіл

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 15:00 Zakon.kz
Бүгінгі таңда елімізде студенттер үшін 75 мың орын-жайды қолданысқа енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Тұрмыстық жағдай жайлы сөз қозғалғанда, тіл ұшына жатақханамен қамту мәселесі алдымен оралады. Қоғам үшін қажеттілігі зор осынау міндетті орындау мақсатында "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік тапсырысты орналастыру реттілігін әзірледі. Онда маңызды іске жеке сектордың кеңінен қатысу шарттары мен тетіктері жан-жақты жүйелі негізде қарастырылған.

Бүгінгі таңда елімізде студенттер үшін 75 мың орын-жайды қолданысқа енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап, облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңірлер кіреді.

Инвестор немесе жеке кәсіпкер жатақхананы студенттер игілігіне пайдалануға бергеннен кейін мемлекет тарапынан 8 жыл бойы үздіксіз негізде мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүргізілетін болады. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңадан жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана ретінде реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК көлемінде қаржы төленеді.

Бұл бастама бұдан да бөлек табыс көзі болу мүмкіндігімен тиімді. Өйткені, студенттер төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсырысының құнына кірмейді. Жобаға қатысудың біршама шарттары бар, оның бастысы – қолға алған істі ілгері бастыру үшін бастапқы капитал мен жер телімінің болуы. Жер телімі болмаған жағдайда, иелік етудің бірқатар тиімді жолдарын ұсынамыз.

Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру барысында 38 алдын-ала шарт жасалды, соның нәтижесінде 11 мыңнан астам жаңа орын-жай студенттер игілігіне айналмақ.

Жобаға қатысу шарттарымен танысу үшін studdom.kz сайтына кіру және "Қаржы орталығы" АҚ 8-8000-802-828 колл-орталығына хабарласып шарт жасасу үшін өтініш беру керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: