Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк латын әріптерімен коллекциялық монеталар шығарды

ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:36 ҚР Ұлттық банкі
500 теңгелік "Quraq kórpe" және 200, 100 теңгелік "Kόbelek" шықты. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

ҚР Ұлттық Банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Quraq kórpe" коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан "Kόbelek. Lasiommata maera" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды zakon.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Quraq kórpe" монеталарының сипаттамасы:

Әйгілі қазақ көрпесінің тарихы ежелден бастау алады: әуелі көрпешені сәбидің үстіне жабады, одан соң ол түрлі түсті көрпенің үстінен жүгіреді. Ал тағы біреулер бұл көрпені қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі – осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:36

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалды.

Монетаның аверсінде орталық бөлігінде "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба бар. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек.

Монетаның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, "Quraq kórpe" деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Номиналы 200 теңгелік "Kόbelek. Lasiommata maera" монеталарының сипаттамасы:

"Мера барқыты" көбелегі Қазақстанның тауларында кездеседі, Кіші, Орта және Орталық Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы – Мерамен байланысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:36

Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін "200 TEŃGE" деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI" және "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеуді және түрлі түсті басып шығаруды қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде "Kόbelek. Lasiommata maera" (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін "Kóbelek 2019" деген жазба.

Номиналы 100 теңгелік "Kόbelek. Lasiommata maera" монеталарының сипаттамасы:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:36

Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI" және "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеуді қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде "Kόbelek. Lasiommata maera" (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін "Kóbelek 2019" деген жазба.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: