Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барды

Facebook/Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 19:24 Facebook/Берік Уәли
Келіссөздер барысында екі елдің басшылары Қазақстан мен Қырғыз Республикасының стратегилық ынтымақтастығын дамытудың жай-күйі мен болашағын қарастырады деп күтіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына келді. Оны Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

Ертең, 28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.

Екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін 150-ден астам құжат құрайды, оның ішінде негізгілері 1997 жылы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы келісім және 2003 жылы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында жоғары және ең жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер тұрақты өткізіліп тұрады.

Көршілес екі елдің арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларды қамтиды, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, су шаруашылығы, су-энергетика, көлік, әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және тағы басқалары да бар.

Сапар барысында екі елдің президенттері репрессия құрбандары мен қырғыз әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың бейітіне гүл шоқтарын қояды, содан кейін олар Ала-Арча резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда (Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы мемлекетаралық кеңесінің V отырысы) келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ бірқатар жаңа келісімдерге қол қойылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: