Жаңалықтар тізбегі
0

"Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегелері анықталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 20:51 Хабар 24
ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері - әр номинация бойынша 600 мың теңге.

2019 жылғы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды. Оның ішінде әнші Әділхан Макин, айтыскер Мейірбек Сұлтанхан, мәнерлеп сырғанаушы Элизабета Тұрсынбаева сынды өнер және спорт жұлдыздары да бар, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын берілді.

Сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға табыс етіледі.

"Эстрада" номинациясы бойынша:

Әділхан Құрманғалиұлы Макин – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті;

Марат Төреханұлы Айтімбай – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье.

"Классикалық музыка" номинациясы бойынша:

Данара Ерұланқызы Мұсахан – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Музыкатану және композиция" кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD);

Әзімбек Қалдыбекұлы Жамбаев – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты.

"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша:

Мейірбек Бектұрсынұлы Сұлтанхан – айтыскер;

Жарас Болатұлы Сатыбалдиев – "Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижер.

"Әдебиет" номинациясы бойынша:

Жадыра Төкенқызы Байбұланова – "Хабар агенттігі" акционерлік қоғамы "Хабар 24" телеарнасының редакторы;

Бекзат Болатжанұлы Смағұлов – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы.

"Театр және кино" номинациясы бойынша:

Алтынгүл Ерболқызы Серкебаева – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы;

Аян Өмірәлі Өтепберген – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері.

"Спорт" номинациясы бойынша:

Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева – мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері;

Қамшыбек Бисенбайұлы Қоңқабаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны.

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша:

Айжан Қуанышәліқызы Жүзбай – "Жүзбай дизайн" ЖШС директоры, бас дизайнер, "Қазақ сән қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Сырым Еламанұлы Мүсіреп – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Мүсін" мамандығы бойынша 4-курс студенті.

"Журналистика" номинациясы бойынша:

Мырзабек Нағашыбекұлы Түсіпов – "Хабар агенттігі" акционерлік қоғамының "Хабар" телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы;

Айбек Серікұлы Тасқалиев – Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси "Ақтөбе" газетінің тілшісі.

"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша:

Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Ибрагимов – "ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы;

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы – "Қазақстанның студенттер альянсы" республикалық студенттік қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің президенті.

"Ғылым" номинациясы бойынша:

Қанат Нұрлан – ҚР Үкіметінің өкілетті өкілінің бағыты бойынша "Біріккен ядролық зерттеулер институты" халықаралық үкіметаралық ұйымын Н.Н.Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері;

Ерасыл Ерланұлы – ҚР Білім және ғылым министрлігі "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс, PhD докторанты.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері - әр номинация бойынша 600 мың теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: