"Сергек" жол ережесінің бұзылғанын қалай хабарлайды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 20:56 Хабар 24
Жол ережесінің бұзылғанын SMS-хабарлама арқылы да жеткіземіз.

Нұр-Сұлтан қаласында "Сергек" жүйесі арқылы жүргізушілердің 1 млн 219 жол ережесін бұзғаны анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

"2019 жылдың басынан бері 1 000 219 бұзушылық анықталды. Ереже бұзу туралы хабарламаны жеткізу Полиция департаменті және "Қазпошта" АҚ-пен келісімшартқа отыру арқылы қарастырылған. Сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы да жеткіземіз", - деді Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпеков.

Бейнебақылау камералары көліктердің жылдамдықты асырғанын, автобустарға арналған арнайы жолақшаларына шығып кеткенін, стоп сызықшаларынан асып кеткенін қадағалайды. Өз сөзінде ол"Сергек"жобасын енгізгелі жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 10% азайғанын, ал жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмғандар саны 45% азайғанын айтып өтті.

"Бүгінгі таңда қалада 400 көше қиылысы мен 300 желілік учаскеге жол қозғалысы ережесі мен логистиканы бақылауға бағытталған 6 118 бейнекамера орнатылды", - деді Елжан Шүпеков.

Айта кетсек, 2017 жылы елордада ІТ және қауіпсіздік саласындағы алғашқы «Сергек» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы басталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: