Жаңалықтар тізбегі
0

Туыстарын байытқан ұры-жемқор. Бразилия экс-президентін 17 жылға соттап жіберді

Aljazeera, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 15:14 Aljazeera
Лула да Силва заңсыз жолмен тапқан ақшасына Сан-Паулу штатындағы Атибая муниципалитетінен үй мен жер алып, жақындарының атына жазғызған.

Бразилияның бұрынғы президенті 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Globo телеарнасына сілтеме жасап.

Бразилия төртінші округінің федералдық өңірлік соты сыбайлас жемқорлық және ақша жымқыру ісі бойынша сотталған елдің бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силваның апелляциясын кері қайтарып, оның түрмеге жабылу мерзімін 17 жыл, бір ай он күнге ұзартты.

Тергеу нұсқасы бойынша Лула да Силва заңсыз жолмен тапқан ақшасына Сан-Паулу штатындағы Атибая муниципалитетінен үй мен жер алып, жақындарының атына жазғызған.

Лула да Силва 2003-2011 жылдар аралығында Бразилияны басқарды. 2016 жылы ол Petrobras ісі бойынша айыпталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ Лула да Силва апелляция құқығын пайдаланып, 2018 жылдың сәуіріне дейін бостандықта жүрді.

Силва өзіне тағылған айыптаудың бірде-бірі мойындаған жоқ.

Кейін сот қамауда ұстау мерзімін сегіз жыл он айға қысқартып, оны түрмеге жапты. 9 қарашада экс-президент бостандыққа шығып, тағы да саясатпен айналысатынын мәлімдеген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: