Жаңалықтар тізбегі
0

Шешім қабылданды – Бас прокуратура Мәнізоровты "бермей отыр"

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 21:03 azh.kz
Ахметжанов заңға сәйкес, Агенттік шағым түсіруге құқылы екенін атап өтті.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратурға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ісіне қатысты келіп түскен берген шағымына түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ахметжанов заңға сәйкес Агенттік шағым беруге құқылы екенін атап өтті.

- Тиісті заңнамаға сәйкес, бұл олардың құқығы. Бұл қалыпты жұмыс. Істің әрбір қатысушы мүмкіндігінше шағымдана алады, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Екі органның дәл осылай ортақ шешімге келе алмай отырғаны бұрын болмаған тәжірибе ме деген сұраққа жауап берген ол мұны да жоққа шығарды.

- Бұл алабөтен жағдай емес. Шешім қабылданды. Егер нақты да дәлелді себептер болса қараймыз, бірақ шешім қабылданып қойды, - деп қорытындылады Ахметжанов.

20 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Бағдат Мәнізоровтың ісіне қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шағымын қанағаттандырмады.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменті аға тергеушісі Данияр Биғайдаров қадағалаушы органға тағы бір шағым жіберілетінін айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: