"Күнделіктегі" ақылы қызмет депутаттардың ашуын туғызды
Мәжілістің жалпы отырысында "Мұғалімнің мәртебесі туралы" заң жобасын талқылау кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке депутаттар мұғалімдер мен ата-аналардың "Kundelik" ақпараттық жүйесіне қатысты шағымдарын бетіне айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин "Күнделік" жүйесін тәртіпке келтірілуі керектігін айтты.
- Мұғалімдер айтып жатыр, бұл араны тәртіпке келтіру керек, әйтпесе біз жауап бере алмайтын ата-аналар атарапынан нешетүрлі сұрақтар түседі дейді. Олар өте дұрыс айтады, - деді ол.
Министр ақпараттық жүйеге қатысты ескертулер мен шағымдар қазір пысықталып жатқанын айтты.
- Күн сайын оқушының қандай баға алғанын қарау - бұл ақысыз. Егер ата-ана басқа балалармен бағаны салыстырып көргісі келсе, - бұл ақылы. Бірақ біз қазір қызмет көрсетуші компаниямен келіссөз жүргізіп, олардың мобильді қосымша арқылы қол жетімді басқа да қызмет тізімін кеңейтуді сұрадық. Телефон арқылы сайтқа кірген басқа жағдай да, ал мобильді қосымшадан ақпаратты қарау одан әлдеқайда ыңғайлы болар еді. Біз осы бағытта жұмысты істеп жатырмыз, - деп түсіндірді Аймағамбетов.
Депутат Аманжан Жамалов "Күнделікті" жасаушы - ресейлік компания екенін, оның қызметтерінің бәрі ақылы болатынын, сондықтан олармен байланысқа тез шыға алмайтынын айтты. Оның үстіне бұл компанияға ресейліктердің өзі де көп шағымданатыны анықталып отыр.
- Бұл ресейлік компания, менің білуімше - "Dневник.ру" деп аталады. Ол Ресейдің өзінде жексұрын болған компания. Оның қосымшасының барлығы ақылы. Міне, сол компания Сіздердің тасымдаушыларыңыз. Ол компаниямен, тіпті байланысуға болмайды. Тіпті, болмайды десеңіздер, талапты қатты қойып, өз дегендеріңізді істете біліңіздер, - деп ескертті депутат министрге.
Министр бұл дәйекпен келісіп, қызмет көрсету жағына қатысты мәселелер барын айтты.
- Шынымен де функционалдық жағынан проблема бар. Екінші мәселе – қолжетімділік. Біз оны да шешуге тырысып жатырмыз. Негізі ресейлік компания болғанымен, платформа шынымен ресейлік. Бірақ бірнеше жыл бұрын министрлікпен қазақстандық компания келісім жасасқан. Олар барлық заңнамаға сәйкес барлық қажетті рәсімдерден өтті. Сондықтан қазір біз олармен екі тараптан жұмыс істеп жатырмыз және біз оларға мобильді қосымшалардың функционалдығына, қолжетімділігіне қатысты талаптарды жібердім, олар бұл мәселені шешуге уәде берді, - деді ол.
Нығматулин министрдің назарын осы мәселеге баса назар аударуды сұрады.
- Бұл - біздің азаматтарымыз, біздің балалардың ата-аналары. Мұғалімдер де біздің азаматтарымыз. Бұл біздің сайлаушылар. Сондықтан, осы компаниямен жақын танысып, оларды мұғалімдермен, ата-аналармен жолықтыруыңызды сұраймын. Бірақ бірден белден баспай, олардың да уәжін тыңдап, бір ымыраға келу керек. Бұл өте маңызды, - деді палата спикері.