Нұр Сұлтан қаласында "Әскер Медиа-2019" әскери журналистика саласындағы жүлдесі табыс етіледі

МО РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 22:06 МО РК
12 конкурстық номинацияда үздіктер анықталады. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ – тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі биылғы жылы Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік болған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімдерін атайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әскери журналистика саласындағы дәстүрлі "Әскер Медиа-2019" сыйлығы ертең 29 қарашада өтеді. 12 конкурстық номинацияда үздіктер анықталады. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ – тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба.

Әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі – бұл әскери тақырыпты жариялауда өз үлестерін қосып жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

Оны құрудағы басты идея – бұл қорғаныс ведомствосымен белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберін кеңейту, Қазақстандағы әскери журналистиканы дамыту, журналистер мен блогерлерді, сондай-ақ осы саладағы шығармашылық жұмыстарды көтермелеу, телевизиялық, баспа және интернет БАҚ-пен бірлескен медиа-жобаларды іске асыру, еліміздің Қарулы Күштеріне қоғамның назарын аудару.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: