Семейде 2020 жылы жол инфрақұрылымы жақсарады
pixabay.com
Бұл жөндеу жұмыстарынан бөлек, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары да көше өмірін ретке келтіріледі.
Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
– Алдағы жылы жолдарды орташа жөндеуге арналған бюджет шамамен бір жарым миллиард теңгені құрайды. Атап айтқанда, Би Боранбай, Әуезов даңғылы, Глинка, Шымкент көшелері жөнделеді. Орташа жөндеуді қажет ететін 20 көше бар. Сондай-ақ, Рысқұлбеков, Күлжановтар, қаланың сол жағалау бөлігіндегі кварталішілік жолдарды жасаймыз. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында ауыл жолдарына шамамен 100 млн теңге жұмсаймыз, – деді С. Жұманов.
Бұл жөндеу жұмыстарынан бөлек, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары да көше өмірін ретке келтіріледі.
- Қалада жалпы сомасы 45 млн теңгеге тротуарлар жасалды. Сонымен қатар, келесі жылы Би Боранбай көшесінде де жөндей жұмысары болады. Қала тұрғындарының ұсыныстарын қарастырып, келесі жылы жаңа тротуарлар жасалады деп ойлаймын, – деді С. Жұманов.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында 2019 жылға арналған қала жолдарын жөндеу жұмыстарының қорытындысы айтылды.
- Биыл жолдарды жөндеуге 1 241,742 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде күрделі жөндеуге – 51, 330 миллион, орташа жөндеуге – 971, 334 миллион, ал ағымдағы жөндеуге-150,0 миллион теңге жұмсалды. Қаланың тоғыз көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қаржаубайұлы көшесіндегі арнайы ХҚКО – ға кіреберіс жол, Найманбаев көшесі – Мұхамедханов көшесінен Морозов көшесіне дейін, Қаржаубайұлы көшесі – Жангелдин көшесінен Мичурин көшесіне дейін, оң жағалаудағы айналма жол, жаңа көпірден өтетін жолды қоса, Параллельная көшесі – Мичурин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейін, Дастенов көшесі-Қабылбаев көшесінен Трусов көшесіне дейін. Найманбаев еөшесі Засядко көшесінен Чехов көшесіне дейін, Глинка көшесі айналма жол айрығынан Рысқұлов көшесіне дейін, Бозтаев көшесі Селевин көшесінен оң жағалаудың айналма жол айрығына дейін, – деді С.Жұманов.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сарапшылар көшелердің жағдайын бағалап, "жақсы" – 52,44%, "қанағаттанарлық" – 30,19%, "қанағаттанарлықсыз" - 17,37% деп баға берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript