Президент Парламент Сенатының бірінші төрағасын қабылдады
Ақорда
Олар қоғамдық өмірдегі өзекті проблемаларды талқылады.
Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мен Парламент Сенатының бірінші төрағасы Орталық Азиядағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдар жөнінде пікір алмасты.
Олар қоғамдық өмірдегі өзекті проблемаларды, соның ішінде өскелең ұрпақтың патриотизм рухында тәрбиеленуіне, халқымыздың тарихына құрметпен қарауына қатысты мәселелерді талқылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript