Жаңалықтар тізбегі
0

Діншіл Ердоғанның дәуірі тоқтап, Түркия кемализмге оралуы мүмкін

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 18:19 facebook.com
Біздің Әлихан бабамыз да дәл осы Ататүрік сияқты әйгілі тарихи тұлға.

Түркия билігінің басына Кемалисттер келуге таяу сияқты. Қазіргі діншіл Ердоғанның дәуірі тоқтауы мүмкін. Демек, кемализм дәуірі қайта келеді. Бұл тарихтың қайталануы әрбір тарихи этаптардағы заңдылық, деп пайымдайды желіде сарапшы Бекболат Қаржан.

Онсыз да Ататүрікке құдайдай табынатын ұлтшыл күштерге де ұлтшылдар жолы майдай жағады.

- Жалпы, осы әйгілі Ататүрік Османлыдан қалған ескі ел басқару жүйесіндегі ыбырсықтың барлығын сыпырып алып тастаған болатын. Заманауи моделдегі зайырлы ел басқару жүйесін ұлттық менталитетке негіздеп құрып кетті. Діни топтарды ел басқару ісінен мүлдем алшақ ұстады. Оларды мемлекеттің ісіне жөн жосықсыз араластырмады. Қарсы шыққан кейбір діни топтарды басып тастады. Ататүрік өзінің саяси позициясында діндарлардың елді басқарудағы уәжіне құлақ асқан жоқ. Ол діни топтардың ел басқару ісіне араласса түбі ырду-дырдуға ұласып, дұрыс болмайтынын анық білді. Өзіңіз дәл қазіргі біздің жағдайдағы діни топтардың дүрдараздығын көзіңізге елестетіңіз. Осылар бізді ел қылып отыр ма...? Діннің айналасына отырып алып, бір бірін тозаққа тастап отырған адамдардан елдің ертеңі үшін қандай болашақ көріп отырсыз, - дейді сарапшы.

Ататүрік Османлыдан қалған ескі қалдықтардың барлығын жойып, елді жаңа моделде басқаруды жасап, қазіргі Түркияның негізін қалаған ұлы адам болып тарихта қалды.

- Салған жолы өте тамаша. Ескірмейді, тозбайды. Себебі, ұлтының нағыз жанашыры болған адам. Тарихтағы ел құрған ең ұлы 10 адамның ішінде де осы Ататүрік бар. Қазіргі Түркияның ұлтшылдары осы Ататүрікті құдайдай сыйлап, құдайдай табынады. Оған жасалған қазіргі құрмет өзге ұлттарды таң қалдырады. Демек, ол патшаның патшасы болған. Осы Ататүріктің ұлтшылдық жолын кесіп отырған дәл қазіргі діншіл Ердоған. Түркияның кемалисттері сияқты біздің де саяси аренаға қандай жағдай болмасын Алашшыл ұлтшылдар шығуы керек. Біз тек Әлихан Бөкейханның ізімен кетуіміз керек. Біздің Әлихан бабамыз да дәл осы Ататүрік сияқты әйгілі тарихи тұлға. Біздің табанымыз Әлихан басқан іздерге түсуі керек... Сонда ғана біз ел бола аламыз. Басқалай ұрандармен біздің басымыз бірігетін түрі де жоқ. Алашшыл Әлиханның жолы нағыз ұлтшылдықтың жолы. Енді күтіп отыру деген ешбір логикаға сыймайтын сандырақ қана, - деп жазады ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 18:19

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: