Жаңалықтар тізбегі
0

Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік - жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолдануды талап етті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 00:26 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бизнес пен биліктің арасындағы көпірге айналатын тәжірибеге тоқтала келе, инвесторларға қолайлы ұсыныс жасап, әлеуметтік маңызы бар салаларға басымдық беру керектігін талап етті.

Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында алғаш аппарат мәжілісі өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиналысты құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілістің күн тәртібінде өңірдегі құрылыс саласы мен Түркістан қаласының дамуы, тұрғын үй құрылысы және экологиялық мәселелер қаралды.

Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асып жатқан жобалар бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 00:26

Атап айтсақ, Түркия кәсіпкерлері халықаралық әуежай құрылысы мен денсаулық сақтау саласына тиесілі кешендерді жүзеге асырмақ. Жиын барысында басқарма тарапынан облыста МЖӘ датыму жөнінде ұсыныстар берілді. Олар: табиғи газ нысандарын сенімгерлік басқаруға беру, Түркістан қаласында тұрғын үй салу, жеке әріптес анықталмаған жобалардың есептеулерін қайта қарау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ішкі көшелерді серіктестікке сеніп тапсыру, елді - мекендердегі санитарлық-тазалау жұмыстарын сервистік қызметке беру.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 00:26

Облыс басшысы бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекеттік - жекеменшік әріптестік тетігін тиімді әрі белсендірек қолдану қажет екенін атап өтті. Бизнес пен биліктің арасындағы көпірге айналатын тәжірибеге тоқтала келе, инвесторларға қолайлы ұсыныс жасап, әлеуметтік маңызы бар салаларға басымдық беру керектігін талап етті.

Жиналыста Түркістан қаласын дамытып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысы талқыланды. Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласын көркейту жұмыстары өңір басшысының қатаң бақылауында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 00:26

Бүгінде қаланы көгалдандыру, абаттандыру, орталық көшелерді көріктендіру, күл-қоқыстан арылтып, ауыз су, газбен толық қамтамасыз ету, жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Аппарат отырысында Түркістан қаласында жүріп жатқан тұрғын үй құрылысына қатысты соңғы мәліметтер талқыланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 00:26

Жыл соңына дейін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1200 пәтерлі 20 тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Оның ішінде арендалық 11 үйдің қабылдау актісі жүргізіліп, қазір үй кезегінде тұрған азаматтарға заң талаптарына сәйкес үйлестірілуде. Жиын барысында облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру мәселесі талқыланды. Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылып, оларды 1-шілдеге дейін толық жөндеу жүзеге аспақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: