Тоқаев: Біз Қырымда болған жағдайды аннексия демейміз

Бұл Қырым үшін тым ауыр сөз.
5-6 желтоқсандағы Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Украинада болған оқиғаларға қатысты өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан үкіметі Украинадағы оқиғалардан, атап айтқанда, Қырымды аннексиялау мен елдің шығысындағы соғыстан қорқып қалды ма деген сұраққа жауап бере отырып, Қазақстан Президенті Қырымдағы оқиғаны аннексиялау деп санамайтынын айтты.
- Біріншіден, біз Қырымда болған оқиғаларды аннексиялау деп атамаймыз. Болары болды. Аннексия – бұл Қырым үшін тым ауыр сөз. Екіншіден, сіз айтқандай, қорқыныш болмады, өйткені біз Ресей Федерациясымен сенімді, тату көршілік қарым-қатынастамыз. Біз Ресей басшылығының даналығы мен әдептілігіне әуел бастан сендік. Минск келіссөздері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталғанын еске салғым келеді. Рас, ол кезде Назарбаев келіссөздер алаңы ретінде Астананы ұсынған, бірақ логистика мен Еуропадан алыстығына байланысты бұл келіссөздерді Минскіде өткізу туралы шешім қабылданды, деді Тоқаев.
Оның айтуынша, дәл қазір Минск келісімдері іс жүзінде украин қақтығысын реттеуге әкелетін жалғыз заңды құжат болып табылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript