Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев митинг туралы: Полиция менің бұйрығыма сәйкес арнайы құралдарды пайдаланған жоқ

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 22:11 Ақорда
Керісінше, полиция демонстранттардан зардап шекті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұқбатында Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі сын мен митингтер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы интернетте, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың күші барын жоққа шығармайды.

"Жалпы, Интернет біздің бүкіл өмірімізді өзгертті ... ... Менің ойымша, бұл тежеу мүмкін емес ғылыми және техникалық прогресс", - деді Қазақстан Президенті.

Президент әлеуметтік желілердегі сын мен жекелей наразылық акциясына шыққандарды ешкім жазаламайтынын баса айтты.

- Қазір бір адам наразылық білдіріп, көшеге шықса, оны ешкім жазаламайды. Ол былай тұрсын, бізде өткенде демонстрациялар болды, бірақ полиция арнайы құралдар қолданған жоқ. Мен солай бұйырдым. Олар, тіпті ашықтан ашық шыққан арандатушыларды жалаң қолдарымен ұстады. Керісінше, полиция демонстранттардан зардап шекті. 10 шақты полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Енді Еуропадағы демонстрациялар қалай таратылады, салыстырып көріңіз. Онда арнайы құралдар, су атқыштар, таяқтар қолданылады. Мұны бәріміз теледидардан көріп жүрміз, - деді Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: