Түркістан облысында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея азаматы табылды
2019 жылдың қараша айының соңында Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны оның күйеуі, Оңтүстік Корея азаматы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жөнінде арызданады, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам Кентау қаласына қыдырып келіп, қала көшелерінің бірінде көлікке отырып, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт полиция бөліміне тіркеліп, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.
Жоғалған шетелдікті іздеуге Кентау ҚПБ-нің және Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері және барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жоғалған адам туысқандарының қоңырауларына жауап бермегенін ескере отырып, жедел уәкілдер іздестіру іс-шараларының тұтас кешенін жүргізді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды, қарым-қатынас пен таныстар шеңберін тексерді, жоғалған азаматтың барады-ау деген жерлерін мұқият тексерді, сондай-ақ басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жоғалып кеткен ер адам Кентау қаласына таныстарымен бірге келіп, сол жерден Түркістан қаласына кетіп, кейін Шымкент қаласына келеді, одан соң Алматы қаласына кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Түркістан облысы ПД мен Кентау ҚПБ криминалдық полиция қызметкерлері төртінші тәулікте Алматы қаласының көшелерінің бірінен хабар-ошарсыз жоғалып кеткен шетелдікті тапты. Табылған шетелдікті Кентау Қ ПБ-не жеткізіп, оны туыстарына тапсырды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Өз кезегінде, шетелдіктің әйелі Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, жеделдік пен кәсібилік көрсетіп, күйеуін үйіне аман-сау күйінде қайтарғанына ризашылығын білдірді.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жақындары мен туыстарын жоғалтып алмау үшін мұқият болу қажеттігін ескертеді. Мұндай жақыныңыз жоғалған жағдайда шұғыл "102"» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.