Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан әлемде теңдесі жоқ туристтік кешеннің қазығы қағылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:05 Zakon.kz
Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс орталығында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Үкімет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "Sembol construction" түрік компаниясы қолға алған "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.

Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристтік кешеннің қазығын қағуға "Sembol Construction" компаниясының президенті Феттах Таминдже арнайы қатысты. Халықаралық деңгейдегі алып кешенде замануаи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:05

Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған, дейді инвесторлар. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Бұл - қараша айында Стамбул қаласында өткен қазақстан-түрік инвестициялық форумы барысында жүзеге асқан жоба.

Сондай-ақ, Түркістан облысына сапары барысында ҚР Премьер-Министрі 630 төсек-орындық көпсалалы аурухананың қазығын қақты. Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "YDA Holding" түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны - 100 млрд теңгеге жуық. Жаңа ауруханада 350 дәрігерді қоса алғанда, жалпы 1700-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейтін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:05

Түркістан облысына сапары барысында үкімет басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылынан салынған зауытта жылдам әзірленетін тамақ өнімдері шығарылады. Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші - "CG Foods Central Asia" компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды. Жергілікті халықтан 300-ге жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:05

Асқар Мамин Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылысын, сондай-ақ амфитеатрдың, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, "Ұлы дала Елі" орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:05

Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: