Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:09 Zakon.kz
Көпсалалы аурухана қазіргі таңда 170 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты әуежайдан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қарсы алды.

Министр ұшақтан түскен бетте Кентау қаласына жол тартып, ондағы орталық аурухананың жұмысымен танысты. Ғимарат осыдан 35 жыл бұрын пайдалануға берілген. Министр қабылдау бөлімі, инсульт орталығы, Компьютерлік диагностика, жансақтау бөлімдерінің жұмысымен таныса келе аурухана ұжымымен жиналыс өткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:09

- Медицина саласы мамандарының қызметі ауыр да жауапты. Бірақ осы жолда аянбай еңбек етулеріңіз қажет. Келесі жылдан бастап жалақы көлемі 30 пайызға артқалы отыр. Науқастардың сенімін ақтайсыздар деп сенемін ,- деді Елжан Амантайұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:09

Көпсалалы аурухана қазіргі таңда 170 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетуде. 316 төсек-орынға есептелген. Мамандандырылған және жалпы тәжірибелік дәрігерлер құрамы бар. Аурухана ұжымымен кездесу барысында мекеменің сондай-ақ 100 пайыз цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені атап көрсетілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:09

Биылдан бастап инсульт бөлімшесі толыққанды жұмыс жасап жатыр. Компьютерлік томографиямен қамтылған. Жақын орналасқан Созақ және Отырар аудандарының тұрғындары да дәл осы бөлімнен толық медициналық көмек алуда. Лабораториялық диагностика толық автоматты жүйеге көшкен. Елжан Біртанов жиын соңында аурухана қызметіне оң бағасын берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 07:09

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: