Халық "Сергекке" қарсы митингке шығуы мүмкін бе

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 18:22 facebook.com
Онсыз да аз қазақты кедейлендірейін деген кім?

"Сергек" қадағалау камералары онсыз да күнін әрең көріп жүрген адамдарды қанаудың, тонаудың, одан әрі кедейлендірудің тиімді әдісіне айналды, деген ойды ашық айтты желіде Мақсат Ілиясұлы есімді қолданушы.

Басқаны айтпағанның өзінде тек Астана көшелеріне 6183 "Сергек" камерасы орнатылып, 2019 жылдың 10 айында 1 млн 219 мың жүргізушіге 6 млрд 784 млн теңге айып салған.

"Сергек" қондырғылары Алматы, Атырау тағы басқа ірі қалаларға жаппай орнатылуда. Бұл тонаушы құрылғы халықтың қалтасын қағып, жаппай наразылығын туғызуда. Осыған орай "Сергекке" қарсы митинг ұйымдастырса Астана мен Алматыда және басқа қалаларда қанша адам көшеге шығар екен дейді бір ішкі ойым. Сіз қалай ойлайсыз, "Сергекке" қарсы алаңға шығар ма едіңіз, деген сауал тастайды ол.

Қазақ халқы айыппұл төлеп, Қытайды пайдаға кенелтуде

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: