Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліске Динара Сәдуақасова келіп, бір мезгілде ойын сеансын өткізді

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 18:52 Ж.Құспанов
Н.Нығматулин: Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді

Бүгін Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық парламенттік турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы:

- Біз егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте халықаралық шахмат турнирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көтеріп жүрген даңқты спортшылармен жыл сайын ұйымдастырлатын дәстүрлі шараға айналады. Ал, алғашқы кездесудің әлемнің 4-дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қатысуымен шахматтан басталуы - ол ең алдымен осы танымдық ойын түрінің дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол ашатыны сөзсіз. Себебі, шахмат - спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді, - деді Н.Нығматулин.

Осыдан кейін Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы басталды.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, аталған турнирге шетелдік әріптес-депутаттардың Нұр-Сұлтанға арнайы келіп, қатысуы парламентаралық ынтымақтастықтың да жоғары деңгейін көрсетеді.

Шара барысында Палата Спикері Динара Сәдуақасоваға Парламент Мәжілісінің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: