"Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз - министр

gdb.rferl.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 20:42 gdb.rferl.org
Көші-қон процестерін жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасында осындай норма қарастырылған.

"Оралман" сөзін "қандас" дегенмен алмастыру жайы талқыланып жатыр", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістен тыс дәлізде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мемлекет басшысы "оралман" терминін "қандас" етіп өзгерту туралы тапсырма бергенін білетін боларсыздар. Сондықтан, бұл норма осы заң жобасында талқыланады және егер болашақта заң қабылданатын болса, "оралман" ұғымы "қандас" сөзімен ауыстырылады", - деді Нұрымбетов.

"Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының қорытындысында көрсетілгендей, Отанға оралған этникалық қазақтарға қолайлы жағдай жасау және сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру, көші-қон заңнамасын жетілдіру үшін осы заң жобасы әзірленді.

19 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты "оралман" сөзінен бас тартып, оның орнына "қандас" сөзін пайдалануды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: