Тоқаев Үкіметке 13 рельсті кесіп өтуге мәжбүр оқушылар мәселесін шешуді тапсырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 15:58 Ақорда
Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтеді.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінде балалар мектепке бару үшін 13 темір жол рельсінен өтіп жүргенін біліп, бұл мәселеге қатысты Үкіметке нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Egemen Qazaqstan" газетіндегі "Темір жолды жағалап топ бала жүр" атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет" деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде.

Айта кетсек, Сексеуіл арқылы ірі темір жол торабы өтеді. Кенттегі 3 мек­тептің (№87, 31 және 177 мектеп) барлығы кенттің негізгі бөлігінде орналасқандықтан, жаңа ауданда тұратын 360 оқушы сабаққа келу үшін күнде 13 рельсті кесіп өтеді. Мұның ойын баласы үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Әрі 3 мектептегі бала саны да шамадан тыс көбейді. Сондықтан балаларының өміріне алаңдаулы ауыл тұрғындары теміржолға жеткізбей жаңа үлкен мектеп салып берсе деп Үкіметке қолқа салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: